Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Маңғыстауда сот төрағасы аудан тұрғындарымен кездесті

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев Қарақия ауданына іс-сапармен барып, аудан белсенділерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Маңғыстауда сот төрағасы аудан тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында сот төрағасы Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауындағы сотқа жүктелген міндеттерді атап өтіп, «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы негізінде өңірде жүзеге асырылған  пилоттық жобалардың нәтижелері туралы ақпарат беріп, аймақ бойынша ашылған татуласу орталықтары, медиация кабинеттері туралы сөз етті.

Кездесуге қатысушыларға «Түнгі сот», «Виртуалды сот» жобаларының маңызы, сот отырыстарына смартфонға орнатылған мобильді қосымша және бейнеконференцбайланыс арқылы қатысу мүмкіндігі кеңінен түсіндірілді.

Кездесуден соң Маңғыстау облыстық сотының төрағасы жеке қабылдау өткізіп, әрбір қатысушыны тыңдап, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, жауап берді.

 

Маңғыстау облысы